14 облыс және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 275 спортшы қатысқан ел чемпионатында жас спортшыларымыз сәтті өнер көрсетті. Айта кетейік, жарыс «Кумитэ» және «Ката» деп аталатын 2 жаттығу түрі бойынша өтті. Облыс атынан 27 спортшы сынға түсті. Биылғы жылы шығысқазақстандық спортшылар тек Астана қаласынан және Ақмола облысынан келген құрамаларды алға жіберіп, жалпыкомандалық есепте 3-ші орынға ие болды. Облыс құрамасының қоржынында 4 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль бар. Аймақ құрамасының сапында өскемендіктерден бөлек, Глубокое, Шемонаиха аудандарының және Семей қаласының спортшылары болды.
– Ең бірінші біздің барлық бапкерлік құрамға, қолдау танытқан ата-аналарға алғысымды білдіргім келеді. Аталмыш спорт түрінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына жеке алғысымды айтқым келеді, – деді Шығыс Қазақстан облыстық киокушинкай-кан каратэ филиалының жетекшісі Руслан Алшымбаев.
Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қарашаның 19 күні Румынияда өтетін Еуропа чемпионатына аттанатын болады. Ол жарыстан кейін облыс құрамасы желтоқсанның 23-24 күндері Астана қаласында өтетін халықаралық жарыста бақ сынамақ.
«Кумитэ» жаттығуы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
40 кило салмақта:
1-орын Д.Костубаев.
45 килода:
1-орын Г.Гуров.
45 килодан жоғары салмақта:
1-орын Ж.Едлипова.
50 килода:
2-орын С.Картавцева.
65 килода:
2-орын Д.Баклашов,
2-орын Е.Даубаев.
50 килоға дейінгі салмақта:
3-орын Д.Митрофанов.
45 килоға дейінгі салмақта:
3-орын Д.Қазыбекқызы.
60 килода:
3-орын Р.Курятков.
80 килода:
3-орын Б.Аксенов.
55 килодан жоғары салмақта:
3-орын А.Ожогина.
55 килода:
3-орын М.Васильев.
60 килоға дейінгі салмақта:
3-орын В.Чензе.
Сондай-ақ, «Ката» жаттығуы бойынша өз салмақ дәрежесінде М.Калюжин 1, Ж.Едлипова 2 және А.Семізбаева 3 орынға ие болды.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»