Аймақтар • 24 Қазан, 2017

Сыр өңірі Иран Ислам Республикасымен сегіз меморандумға қол қойды

39 реткөрсетілді

21-23 қазанда облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған делегация жұмыс сапармен Иран Ислам Республикасында болып қайтты. Сырбойылық кәсіпкерлер Гүлістан және Мазандаран провинцияларындағы ауыл шаруашылығы, өндіріс орындарын аралап көріп, Иранның бизнес қауымдастығына ортақ жобаларды таныстырды.

Қызылордалық делегация Гүлістан провинциясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, мал шуаршылығы саласындағы ірі компаниялардың басшыларымен кездесіп, провинцияның губернаторы Сейид Маноф Хашемимен бірлескен жұмыстар туралы талқылады.

Мұнан бөлек, "Қызылорда облысы мен Гүлістан провинциясы арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыс" тақырыбында бизнес форум болып өтті. Форум аясында нақты жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

- Елбасының ИИР президенті Руханимен саяси келісімдерінің арқасында осындай аймақтық қарым қатынастарға негіз қаланған. Болашақта бұл елмен бірге сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамытуға мүмкіндік бар. Өйткені Қазақстанның, Түркменстанның және Иранның бірігіп салған «Жаңаөзен - Қызылқия - Берекет - Этрек - Горган» темір жолы бар. Ақтау теңіз портының мүмкіндіктері де кеңейіп келе жатыр. Сондықтан біз осыны дұрыс пайдаланып, экономикамызға қажетті жобаларды іске асыруға мүмкіндік алып отырмыз. Біздер өткен жылы Иран күрішінің сортын 70 гектар жерге егіп, жақсы өнім алдық. Қазір Иран республикасы жылына 3 миллион тонна күрішті экспорттайды. Ал оның бағасы біздің күріштің бағасынан 10 есе қымбат. Сондықтан бұл бізге өте тиімді. Қазір Иранға Қызылордадан күріш жеткізу туралы келісімге келдік, Иран тарапы бізбен жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін көрсетіп, тиісті келісімдерге қол қойылды, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мұнан басқа делегация Горган қаласының ескі шаҺарын аралап, "Аққала" индустриялық аймағының жұмысымен танысып, Гүлістанда тұратын қазақ диаспорасымен кездесу өткізді.

Мазандаран провинциясында сырбойылық делегация губернатор Рабие Фаллах Джелоудорының қабылдауында болып, «Гаре Бурун» кооперативінің бекре тұқымдас балықтарды өсіру және уылдырық шығару жұмыстарын көріп, сүт өнімдерін шығаратын «Kale Dairy Company» компаниясының жұмысымен танысты. Мазандаран провинциясында да бизнес-форум ұйымдастырылып, ортақ жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Қараша айында ирандық кәсіпкерлер «Байқоңыр» инвестициялық форумына қатысу үшін және қол қойылған меморандумдар бойынша жұмысты бастауға арнайы Қызылорда облысына келеді.

Арта кету керек, биыл Иран Ислам Республикасына «Торем Хошеми» сортынан 60 тонна күріш экспорттау жоспарлануда. 2020 жылға қарай ирандық күріш алқаптарын 5 мың гектарға дейін ұлғайтып, экспорт көлемін 8 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Осындай жұмыстар жүгері егіп, өңдеуге қатысты да жүргізілетін болады. Мұнан бөлек, «Фарагир Инчеборон» ирандық компаниясымен малды экспорттау туралы келісім жасалды. Тамыз айында «Күшімбаев Агро» кооперативі Иранға малдың алғашқы партиясын жіберді - 812 бас мал (26,5 тонна). Был жыл соңына дейін тағы 10 мың бас мал жіберу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ирандық әріптестермен Қызылорда қаласында ет комбинатын және жеміс-жидектерді сақтау, жеткізу мақсатында сауда-логистикалық орталық салу көзделуде.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар