Аймақтар • 24 Қазан, 2017

Атырауда Абылай ханның Қытай императорымен жазысқан хаты жұртшылық назарына ұсынылды

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жылжымалы көрмесі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Атырауда Абылай ханның Қытай императорымен жазысқан хаты жұртшылық назарына ұсынылды

«Атырауға өзіміздің музейдегі ең қызықты 250 жәдігерді алып келдік. Қазақстан тарихына қызығатын атыраулықтар Абылай ханның Қытай императоры Цунь Лунға жазған хатын тамашалай алады. Ол шөл далада таралған індеттен адамдарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жіберуді сұрайды, ал оған айырбас ретінде Қытайға жылқыларды, мұнымен қатар сол кезеңдегі басқа да жазбаша құжаттарды жіберуді ұсынған. Сондай-ақ Қабанбай батырдың қанжары мен басқа да көне қару-жарақтар, тиындар және т.б. қойылған», - дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейнің ғылыми қызметкері Берік Байболов.

Бұл көрме Атыраудағы тарихи-өлкетану музейінде бір ай бойы жұмыс істейді.