Қазақстан • 24 Қазан, 2017

Астанада жыл басынан бері 515 өрт оқиғасы тіркелген

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері өрт кезінде 8 адам қаза болды. Жыл басынан 9 айдан бері Астанада 515 өрт оқиғасы тіркеліп, 8 адам қаза тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38% төмендегі байқалады, ал былтыр 13 адам қайтыс болған. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД ӨҚ БжПҚБ техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Қайыр Нұрғазинов мәлімдеді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Астанада жыл басынан бері 515 өрт оқиғасы тіркелген

Маманның айтуынша, өрт көбінесе астанадағы жеке секторлардан шығады. Өрттің негізгі шығу себептері: пешті жылыту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, монтаж ережелерін бұзу, электр қондырғыларын техникалық пайдалану, отты абайлап қолданбау. 

Күннің суытуына байланысты астаналық ТЖД қала тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. «Ең бірінші пешті жылытуды ретке келтіру керек. Оның ішінде түтін шығатын мұржада жарықшақтар, сынықтар пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Түтін шығатын мұржа мен қабырғаны жиі-жиі әктеп, түтін шығатын жолды қадағалап тұру керек. Көмірден шығатын өрттің алдын алу үшін, көмір түсетін кішкене қорапша орнату керек», - дейді Қ.Нұрғазинов. 

Пешті пайдалану кезінде пештің алдына отынды үйіп қоймауға, киім кептіруге, басқа да материалдарды жақын қоюға болмайды.

Өрттің тағы бір шығуына қолдан жасалған тұрмыстық электр жылытқыштар да себеп болады. 

«Күн суытқан кезде жылу реттегіші бар зауыттан шыққан электрқондырғыларын пайдаланған дұрыс», - дейді Қ.Нұрғазинов.