Партия орталық комитеті саяси бюросының тұрақты комитеті құрамына мемлекеттік кеңестің вице-премьері Ван Ян, Ли Кэпцян, Шанхай қалалық партия комитетінің басшысы Хань Чжан, ҚКП орталық комитетінің кеңсе басшысы Чжао Лэцзи мен орталық комитеті жанындағы саяси зерттеу институты орталығының меңгерушісі Ван Хунин кірді.
Қытай коммунистік партиясының ХІХ құрылтайының алғашқы пленумында орталық комитеті саяси бюросының жаңа құрамы сайланып, 25 адам кірді және олардың арасында бір әйел бар.
ХІХ құрылтай делегаттары партия құжатының мәтініне Си Цзиньпин атынан жарғыға түзету енгізуді нақтылаған болатын. Бұл ретте партия жарғысындағы маңызды өзгерістердің бірі – Си Цзиньпинді Мао Цзэдуннан кейінгі екінші көшбасшыға айналдырды.