Футбол • 31 Қазан, 2017

«Астана» командасы Израильге аттанды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін «Астана» командасы Израильдің Нетания командасына аттанып кетті.

«Астана» командасы Израильге аттанды

Нетанияға команда төмендегі құраммен аттанды: 

Қақпашылар: Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин;

Қорғаушылар: Игорь Шитов, Марин Аничич, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков, Берік Шайыхов;

Жартылай қорғаушылар: Срджан Граховац, Серікжан Мужиков, Иван Маевский, Марин Томасов, АсхатТағыберген;

Шабуылшылар: Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович, Владислав Прокопенко және Роман Мұртазаев. 

Бағыт – Израильдің Тель-Авив қаласы. Сейсенбі күні Астана уақытымен 10:00-де әуеге көтерілген ұшақта футболшылармен бірге жаттықтырушылар құрамы бар.

Сондай-ақ,Израильден тікелей ақпар таратуға еліміздің бірқатар БАҚ өкілдері де аттанып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2 қарашада «Астана» футбол клубы УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-тур аясында Тель-Авивте жергілікті «Маккабимен» жасыл алаңда кім мықтыны анықтайтын болады.

Команда бүгін Нетанияда алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал ертең ойын алдындағы жаттығу жұмысы мен баспасөз жиыны өтеді. 

Ойынды «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан»