Қазақстан • 31 Қазан, 2017

Жол қозғалыс ережесіне өзгерістер енгізілді

1456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол қозғалысы ережесіне велосипедшілерге қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол қозғалыс ережесіне өзгерістер енгізілді

Оның айтуынша, жол қозғалысы ережесінде бұрын болмаған «велосипедші», «велосипед жолы», «велосипедке арналған жолақ» деген сөздер енгізілген, сондай-ақ «мопед», «жол жиегі» деген сөздердің түсінігі барынша кеңейтілген.

Велосипед жолы және велосипед жолағы бойынша велосипед жүргізушілеріне жас ерекшеліктеріне қарамастан қозғалыс рұқсат етілген, сонымен бірге бұл жолдармен мопед жүргізушілеріне де жүруге болады.

Велосипед жолы мен велосипед жолағы жоқ жерлерде мопед пен велосипед жүргізушілері (14 жастан жоғары) жолдың оң жақ бөлігінің шетімен қозғалуына болады, сондай-ақ оларға маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен қозғалуға да рұқсат етілген.

Барлық велосипедшілер, соның ішінде жасы 14 жастан төмен балалар велосипед жолы мен жолағы жоқ жерлерде жол жиегімен, тротурар немесе жаяу жүргіншілер жолымен (жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік тудырмайтын жағдайда) қозғалуына болады. Басқа жағдайларда велосипедші жаяу жүргінші ретінде велосипедін жетектеп жүреді.