ЭКСПО-2017 • 01 Қараша, 2017

ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттері ұйымдастырушыларға алғыс жолдауда

713 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания ұлттық павильонының комиссары Чарльз Хендри «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің атына алғыс хат жолдады. Комиссар Көрмеге келушілердің Ұлыбритания павильоны туралы оң пікірі қалыптасқандығын атап өтті.

ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттері ұйымдастырушыларға алғыс жолдауда

«ЭКСПО-2017 көрмесін Жоғары Мәртебелі Ханзада Глостер Герцогы, Лондон қаласының лорд-мэрі және екі министр де тамашалады. Бұл өз кезегінде Ұлыбритания Үкіметінің ЭКСПО көрмесіне қатысуымызды мақұлдап, қолдау көрсеткенінің белгісі. ХКБ павильонымызды Көрменің ең үздік павильондарының бірі деп танығаны - біз үшін үлкен құрмет. Қазақстан Үкіметі үшін ЭКСПО-2017 үлкен жетістікке айналды», - деп атап өтті Чарльз Хендри хатта.

Хатта көрме тақырыбы толық ашылғандығы атап өтілді. Бүгінгі күні ауқымды іс-шара сәтті аяқталғаннан кейін, Чарльз Хендри Ахметжан Есімовті көрмені табысты және нәтижелі өткізумен құттықтады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы және Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сержан Әбдікәрімов Ахметжан Есімовке Көрме аясында іскерлік кездесулер, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізуде қолдау көрсеткені үшін алғыс хат жолдады.

«Бұл іс-шаралар еліміздің алдағы уақытта Словакия Республикасы және Чехия Республикасы тарапымен саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда ынтымақтастығымыздың дамуына елеулі серпін берді», - деп жазылған хатта.