Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Мәңгілік түн

1122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз ол кезде студент едік. 

Ауыл шаруашылығы инс­титутында оқитын бір досы­мыздың туған күнінен түн ортасында қайтып ке­ле жаттық. Кенет ҚазМУ қалашығындағы мүлгіген тыныштықты селт еткізіп, «тық-тық» еткен тосын дыбыс естілді. Бір сәтке құлақ түріп, іркіліп қалдық.

Мәңгілік түн

Бұл не?.. 

Сәлден соң барып сана­мызға жетті: тротуарға тиген темір таяқ­тың дыбысы екен. Бірте-бірте бізге қарай таяп келеді. Заң факультетінде оқитын бір зағип жігіт болушы еді. Сол... Дәл тұ­сы­мызға келген­де сәл кіді­ріп, бізге қа­рай жүзін бұр­ды. Бірақ, бө­гелген жоқ. Қолындағы же­ңіл ғана алю­ми­ний тая­ғы­ның ұшымен тро­туарды ты­қылдатып ұзай берді.

Ол алыстап кеткенде, орта­­мыздағы бір жігіт:

– Япыр-ай, түн ішінде қалай жүр екен? – деді таң­ғалып.

Сол үрей біздің де кө­ңі­лі­мізде болатын. Бірақ за­ғип жігіт естіп қалмасын де­ген­дей, тағы бір досымыз күбірлеп:

– Ол үшін күнің не, түнің не... бәрібір емес пе, – деді.

Тау жақтан бір салқын ызғар ескендей бойымыз мұз­дап кетті.

 

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»