Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Металлургтер көмір жеткізуде

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ жыл сайын кәсіпорында еңбек еткен ардагерлерін қысқы отын-көмірмен қамтамасыз етіп келеді. Биылғы жылыту маусымына орай 800 тоннаға жуық көмір тегін жеткізілуде. 

Металлургтер көмір жеткізуде

Кәсіпорынға көмір «Шұбаркөл көмір» АҚ-тан тасылып жатыр. Көмір тиеген көліктер күніне бірнеше рет жолға шығады. Әр зейнеткерге 2,5 тонна кө­мір түсіріп береді. Ал зей­неткерлерден басқа, об­лыс орта­лы­ғында пешпен жылытылатын жер үй­лерде тұратын кәсіп­орын­ның жүзден аса жұмыс­шы-қызметкерлері көмірді өзін­дік құнымен сатып алады.

– Бізге көмірді осылай сатып алған тиімді, – дейді кәсіпорын жұмысшысы Бейсембай Ақжолов. – 5 тонна көмір жеткілікті. Шұбаркөлдің көмірінің күлі аз және қызуды ұзақ сақтайтыны да белгілі. Мен тұратын көшеде 14 үй бар, олардың бәрі көмір бағасының төмендеуін күтіп отыр. Ал біз көмір жеткізіп бергені үшін зауытымызға рахмет айтамыз. 

Кәсіпорынның әлеу­мет­тік мәселе­лер жөніндегі вице-президенті Бегзия Ысқақованың айтуынша, зауыт басшы­лығы өз­ жұмысшыларына, зей­нет­кер­леріне көмек көрсетуде. Қыс кезінде көмірмен қам­тамасыз ету бір реттік қа­на шара емес, бұл шара – кәсіпорынның ұжымдық шартымен бекітілген ке­піл­дік. 

 

 

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген 
Виктория МАШКАРИНА