Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды. Еліміздің бірнеше облысынан келген жиырмадан астам қыран құстар бәсекесі Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының аумағында өтті.

Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды

Қолға шақыру, шырғаға түсіру арқылы екі күн алғырлықтары сыналып, үздіктері іріктелген бүркіттерді ақтық сында қоянға салды. Үздік деп танылған оншақты бүркіттің қоянға түсуі төрешілер берген ұпаймен бағаланып, бес бүркітші жарыс жүлдесін иеленді.

Биыл үшінші мәрте жалауы желбіреген Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы турнирде Жамбыл облысынан келген жас бүркітші Серікболсын Жалғасұлы жеңімпазы атанды.

«Қоңырдолыны өзім өсірдім. Қазір жасы екіде, екеуміз бір-бірімізге үйренісіп қалдық. Арманым ең атақты бүркітші болу», дейді жарыс жеңімпазы Жалғасұлы Серікболсын.

Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы республикалық ІІІ турнирдің жүлдегерлері:

1 орын – Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)

2 орын – Сейітжан Алмас (Алматы облысы)

3 орын – Абдулкәрімұлы Сармат (Атырау облысы)

4 орын – Тастанбек Байрақ (Қостанай облысы)

5 орын – Шөленбаев Қанат (Ақмола облысы)