Сенат Төрағасы Иордания Королін Таяу Шығыстағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан Абдалла II-нің күш-жігері атап өтілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығының берілуімен құттықтады. Қ.Тоқаев Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана келіссөздерін Амманның қолдауын ерекше атап өтті.
Парламент жоғары Палатасының Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2015 жылғы V Съезіне белсенді қатысқаны үшін Иордания Короліне ризашылығын білдірді. Сенат Төрағасы мәртебелі мейманды 2018 жылы өткізу көзделіп отырған VІ Съезд туралы хабардар етті. Онда жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдағы діни және саяси қайраткерлердің рөлін қарастыру жоспарланып отыр.
Абдалла II Президент Н.Назарбаевпен болған кездесудің қорытындыларын жоғары бағалады, оның нәтижесінде қол қойылған келісімдер біздің елдеріміз арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жаңа серпін беретіні туралы пікір айтты.
Иордания Королі дінаралық үнқатысуды ілгерілетуге, Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсіністікті орнатуға Қазақстан зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Жүздесушілер екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.