Қазақстан • 03 Қараша, 2017

Энергетика министрі Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бойынша жұмыс кеңесін өткізді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. 

Энергетика министрі Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бойынша жұмыс кеңесін өткізді

«ПМХЗ» ЖШС-де жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды.

Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды.

Д.Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпа­ратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен және дизель отынымен ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Атап айтқанда, жекелеген қондыр­ғыларда ақаулардың туындауы туралы ұсынылған дерект­ердің негізінде Қ. Бозым­баев мұнай өнімдерін өндіру қондыр­ғыларын орнату мерзімдері орындалмауы мүмкін екендігін ескертті.

Кеңес қорытындысы бойынша министр 8 қарашаға дейінгі мерзімде жоғары октанды бензин шығару қондырғыларын және қысқа мерзімде дизель отынын шығару қондырғыларын іске қосу қажет екендігін атап өтті.

«ПМХЗ» ЖШС-ні жаңғыртуды аяқ­таудың белгіленген мерзімдері сақ­тал­маған жағдайда, министр топ-менед­жер­лерді атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізетін болады.

Министр Павлодар және Атырау МӨЗ-дерінде объектілерді жаңғыртуды созу тәуекелдерін анықтау үшін министрліктің комиссиясын жіберуді тапсырды, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.