ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен Қазақстан мен Өзбекстан президенттері арасындағы келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, өңіраралық өзара іс-қимылды, әсіресе шекара маңы аумақтарында күшейту мәселелерін талқылады.
«Тауар айналымы көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, машина жасау және автомобиль құрастыру, азаматтық авиация, фармацевтика салаларында инвестициялық өзара байланысты кеңейту, көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту шаралары, сонымен қатар әскери-техникалық және аэроғарыш салаларындағы бірлескен жұмыстардың келешегі қаралды», делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.