Қызметкерлердің бірін-бірі бағалай білуін, жағымды қарым-қатынас орнатуын және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуын мақсат еткен тренинг «Сәлемдесу», «Танысу», «Сезін», «Өрмекші торы», «Бұзылған телефон», «Лабиринт», «Мен қандаймын», «Жылы сөз» бағыттары арқылы жүргізілді. Басшының жеке тұлғасына тән маңызды қасиеттерін, дағдылары мен біліктілігі жөнінде мағлұмат беріліп, стратегиялық ойлау, ұйымдастыру қабілеті, коммуникация, сыртқы байланыс, қарым-қатынс дағдылары, басшылық стилі, жұмыс сапасына көңіл аудару мен мадақтау, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және т.б. осы қасиеттердің барлығы қызмет басшыларына түсіндірілді.
-Тренингтің жаттығулары әр тәртіп сақшысының, курсанттың өзіне және қасындағы серігіне деген сенімділігін, ұжымның ауызбіршілігі мен внтымақтастығын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Тренинг кезінде қызметкерлер арасында жалпыкомандалық бірлік пен достық қарым-қатынас, ұйымшыл ұжым орнатып отыр, бір-біріне деген сыйластық, өзара түсінушілік, сабырлық пен ауызбіршілік болса, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік бар. Жалпы тренинг барысында Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары мен қызметкерлері өздерінің жеке басының қасиеттерін тани білді. Жаттығуды әсерлі өткені байқалып, қатысушылар өздерін сергек әрі сенімді, жаттығулардыереже бойынша толық бір-бірімен көңілді қарым-қатынаста орындады. Қабілетті қызметкерлер – іске, ұйымдастырушылыққа, қарамағындағылармен өзіне сенім білдірген адамдарға жауапкершілігін терең және саналы түрде сезіне білді, - дейді Маңғыстау облыстық ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Жұмағали Бөкен.
Тренингтің соңында қызметкерлер алған әсерлерімен, өз ойларымен бөлісіп, тренингтің тиімділігімен маңыздылығын айтып, алғыстарын білдірді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы