ҚР футбол федерациясының XV Конференциясында ұйым атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Енді ұйым аты - Қазақстан футбол федерациясы, ал қысқаша атауы - ҚФФ. Осыған қоса Қазақстан футбол федерациясының логотипі де өзгеріске ұшырады. Енді ол замануи әрі жинақы.
Федерацияның тек атауы қатты өзгерді. Логотиптегі толық атау ҚФФ-ға ауысты. Осылайша ол көзге ерекше көрінеді және оны халықаралық деңгейде қолдануға да ыңғайлы. Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, фирмалық түстер мен негізгі элементтер өзгеріссіз қалды: бүркіт (еркіндік пен тәуелсіздіктің белгісі), доп (футбол) және күн (болашаққа деген шуақты әрі сенімді көзқарас). Жаңа фирмалық стильге ауысу 2017 жылдың соңына дейін жүреді