Кеш қонақтары алдында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев сөз алып, Саламат Мұқашевтың Атырау облысының, жалпы Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Ол сондай-ақ, қоғамның аға буын өкілдері бастап кеткен игі істерін жалғастыруға тырысуы керектігін баса айтты. Қоғам және мемлекет қайраткері Равиль Чердобаев, Мадина Ғабдусәлімова, жұбайы Мәрия Сәлімгерейқызы Саламат Мұқашев жайлы естеліктерімен бөлісті.
Саламат Мұқашев 1927 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы кеңесі Кеңес одағының 8-11 шақырылымының депутаты болған. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың есімі Атырау политехникалық колледжіне берілді.