Қазақстан • 09 Қараша, 2017

Джек Ма Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады

60 реткөрсетілді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Инстаграмдағы парақшасында «Alibaba Group» қытайлық алпауыт интернет-компаниясының негізін қалаушы Джек Ма тарту еткен сыйлығын көрсетті.

Димаш әлеуметтік желі парақшасында жариялаған суреттің астына оның әлемдегі ең бай 10 бизнесменнің бірі Джек Ма мырзаның "Ali baba" компаниясының сыйлығы екенін айтып, әлемге танымал кәсіпкерге алғысын білдірген.

Айта кетейік, Димаш Singer 2017 халықаралық байқауында екінші орын алып, қытай халқына танылған еді. Жазда Бейжіңде өткен 2017 Fresh Asia music Festival аясында жерлесіміз «Үздік шетелдік шығармашылық адамы» аталымында бірінші орынды жеңіп алды.   

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар