Фестиваль аясында барлық көпбейінді журналистердің, яғни, республикалық және өңірлік деңгейлердегі, баспасөз, телевизиялық және электронды БАҚ, радио және блогерлердің басын біріктіретін «Әскер медиа-2017» тұңғыш республикалық әскери баспасөз бәйгесі ұйымсатырылған болатын.
Қарулы Күштердің ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарының ҚК қызметін білікті және дәйекті түрде жария ету, оң қоғамдық пікір қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және насихаттау, бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру мақсатында өткен «Әскери медиа-2017» тұңғыш республикалық баспасөз фестивалінің қорытындысында «Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал» аталымы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі, журналист Азамат Қасым жеңімпаз атанды.
Әріптесімізді шығармашылық жетістігімен құттықтаймыз!