Аймақтар • 10 Қараша, 2017

Шетелден жұқтырған

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстанда бес адам «денге» безгегін жұқтырса, үшеуі Қызылжар өңірінің тұрғындары болып шыққан. Бұл туралы облыстық қо­ғамдық денсаулық сақтау департаментінде өткен брифингте айтылды.

 

Шетелден жұқтырған

Аса қауіпті жұқпалы аурулар эпи­демиологиялық қадағалау бө­лі­мінің жетекшісі Толқын Қа­женованың сөзіне қарағанда, соңғы жағдай қазан айында тір­келген. Таиландта дем алған 30-40 жас аралығындағы ерлі-зайып­тылар мен Вьетнамға са­пар­лаған ер адам безгек ауруына шалдыққан. Олар елге орал­ғаннан кейін өздерін жайсыз сезі­не бастаған. Дене қызуының кө­те­рілуі, бас айналу, лоқсу, тә­беттің азаюы секілді тұмауға ұқ­сас белгілер білінген соң дәрі­гер­лерге қаралуға мәжбүр бол­ған. Ме­ди­циналық тексерулер қоры­тындысы бойынша «денге» безгегі деген диагноз қойылған. 

Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Жан-жақты ем-дом шаралары көрсетілді. Қоздырғыш тро­пикалық аймақтарда ғана кез­десетін масалар арқылы жұққан. Сақтанбаудың соңы осындай оқыс оқиғаларға соқтырып жатады. Сондықтан шетелдерге шыққанда алдын ала қам-қарекет жасаған жөн, дейді мамандар. 

Жыл сайын «денге» безгегіне 50 миллиондай адам шалдығып, 20 мыңға жуығы өмірмен қош­тасады екен. Бұл дерт Таи­ланд, Қытай, Индонезия, Малайзия, Жапония, Коста-Рика, тағы басқа елдерге кең таралған.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы