Қазақстан • 10 Қараша, 2017

Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекара туралы келісімге қол қойды

935 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлері үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекара туралы келісімге қол қойды

Оған ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысты.

Түйісу нүктелері туралы келісімшартқа қол қою Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараның халықаралық-құқықтық рәсімдеу кезеңдерінің бірін толықтай аяқтауға, өзара сыйластықты, егемендік теңдікті және үш шекаралас мемлекеттің территориялық тұтастығын нығайтуға мықты тіреу болады.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік шекараны бекіту мәселесіне баса назар аударды. Бұл жауапты мемлекеттік құрылыстың және ел қауіпсіздігі мәселесі. Бүгін қол қойылған үшжақты келісім үш мемлкеттің шекарасын құқықтық рәсімдеуге  нүкте қоятындықтан, Орталық Азия үшін тарихи жағдай», - деді Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов қол қою рәсімінен кейін.