Аталмыш шараға IWF Президенті Тамаш Аян, IWF Бас хатшысы Мохаммед Джалуд, IWF допингіге қарсы комиссиясының хатшысы Патрик Шамаш және IWF сарапшылар ортасының өкілдері қатысады деп күтілуде. Халықаралық жарыстардан шеттетілген 9 федерация(Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қытай, Молдавия, Ресей, Түркия және Украина) өкілдеріне конференцияға қатысу міндеттеліп отыр.
Шара шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Конференцияның алғашқы сессиянда (сағ. 10.00-13.00) шеттетілудің заңдық кезеңі мен оның мерзімінен бұрын тоқтатылуына арналады және бұл жабық түрде өтеді. Конференцияның екінші сессиясы (сағ. 15.00-16.30) білімдік сипатта өтпек және ҚР ҰОК өкілдеріне, ұлттық федерациялар мен сарапшы мамандарға және журналистерге ашық болады.