Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастық орнату және Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Айта кетсек, ОМV компаниясы - Австрияның ең көлемді листингтік өнеркәсіптік компанияларының бірі, Орталық Еуропадағы ірі мұнай компаниясы. OMV Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап жүрген Borealis компаниясының 36% акциясына ие. OMV акционерлері: Mubadala (Әбу-Даби) - 24,9%, ÖBIB (австриялық мемлекеттік өнеркәсіптік холдингі) - 31,5% және акцияларының 43,6%-ы еркін айналымда. Компания Қазақстанда 2004 жылдан бері қызмет істейді және ол Маңғыстау облысындағы Комсомольское, Тасболат, Ақтас, Түрікменой кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Ком-Мұнай» ЖШС (95%, 5% - қазақстандық серіктестер), «Тасболат Ойл Корпорейшн» ЖШС (100%) қатысушысы.
Компанияның барлық кезеңдегі инвестициялары миллиардтан астам долларға тең.