Қазақстан • 10 Қараша, 2017

Премьер-Министр АӨК дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-Министр АӨК дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кеңес барысында мемлекеттік агроөнеркәсіп саясатын жетілдіру, сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-тің басым бағыттарын дамыту карталары қаралды.

Карталар 13 бағыт бойынша әзірленді: ауыл шаруашылығы кооперациясы; аграрлық қайта өңдеу; АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру; тұқым шаруашылығы; фитосанитарлық іс-шаралардың тиімділігін арттыру; агрохимия; жемшөп өндіру (жемшөп теңгерімі); көтерме-үлестіру орталықтары; егіндікті айналымға тарту; отарлы қой шаруашылығы; аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту;  сиыр еті өндірісі;  мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.