Қазақстан • 10 Қараша, 2017

Абаев бірқатар БАҚ-тың ЭКСПО аумағына көшуіне қатысты пікір білдірді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ЭКСПО аумағына көшуі мүмкін деген әңгімеге қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абаев бірқатар БАҚ-тың ЭКСПО аумағына көшуіне қатысты пікір білдірді

«Бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр. Біз нақты кімнің көшетінін міндетті түрде жариялаймыз. Бұл бізге ғана емес, ЭКСПО-ға (Ұлттық компаниясы - ред.) да байланысты. Барлық дайындық жұмыстары аяқталған соң, біз көшетін боламыз. (...) Мұнда тек мемлекеттік БАҚ қана болмайды», - деді ол EXPO-2017 көрмесінің туристік аумағының ашылу салтанатында.

Еске сала кетсек, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жетекші БАҚ-тардың орталығы болатынын атап өткен болатын. Ол өз сөзінде «көрменің бір бөлігі ыңғайлы инфрақұрылым ретінде өзін көрсете білгенін» айтқан еді.