Екі команда арасындағы ойынды көру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жанкүйерлердің келері анық. Ал олар Астанаға келуі үшін қанша қаржы жұмсамақ?
Екібастұз – Астана – Екібастұз
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 3000тг
Қарағанды – Астана – Қарағанды
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 3000тг
Көкшетау – Астана – Көкшетау
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 5000 тг
Павлодар – Астана – Павлодар
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 3600тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 22000тг
Петропавл – Астана – Петропавл
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 4500 тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 28000тг
Қостанай – Астана – Қостанай
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 5500 тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 50000тг
Өскемен – Астана – Өскемен
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 8000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 35000тг
Атырау – Астана – Атырау
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 60000тг
Ақтау – Астана – Ақтау
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 33000тг
Ақтөбе – Астана – Ақтөбе
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 37000тг
Орал – Астана – Орал
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 14000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 65000тг
Шымкент – Астана – Шымкент
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 9000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 32000тг
Қызылорда – Астана – Қызылорда
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 15000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 38000тг
Тараз – Астана – Тараз
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 8000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны: 32000тг
Алматы – Астана – Алматы
Темір жол билетінің екі бағыттағы орташа құны: 9000тг
Әуе билетінің екі бағыттағы орташа құны:30000тг
Бұл елімізің ең ірі және Астанаға жақын орналасқан қалаларына қатынас құралдарының ең төменгі бағалары ұсынылып отыр. Бұл келіп-кету жолына қосымша ойын билетінің құны бар екенін де ұмытпаған жөн. Ал матч билеттерінің құны 1000 теңге мен 5000 теңге аралығында арнайы санаттарға бөлінген. Мектеп оқушылары мен студенттерге 50% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге (зейнеткер екендігін дәлелдейтін құжаттарын көрсеткен жағдайда) ойынға кіру тегін.
Сонымен қатар, «Астананың» дүкендерінде жанкүйерлерге арналған атрибутикалар да қолжетімді бағада ұсынылған. Мәселен, ойын формалары 7000 теңге болса, арнайы мойынорағыштары 3000 теңгені құрайды. Ал үзіліс кезінде стадионда тамақтану шамамен 1500-2000 теңге көлемінде.
Қорытындылайтын болсақ, Астанаға жақын орналасқан Қарағанды, Көкшетау, Павлодар және Екібастұз қалаларынан келетін жанкүйерлер орташа есеппен 15-20 мың теңге, еліміздің батыс өңірлерінен келетіндерге 90-100 мың, оңтүстік облыстардан 40-50 мың және шығыс өңірден 30-40 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалады. Енді осы тұста Еуропаның ең үздік бес чемпионатындағы матчқа арналған билеттің ең арзан құны 100-150 еуро (35000-45000 теңге) көлемінде екендігін айта кетейік.
Өздеріңіз білетіндей, «Астана» Қазақстан чемпионатында төртінші жыл қатарынан чемпион атанды. Одан бөлек, «Астана» командасы еурокубоктер жолында өз алаңында 17 ойын қатарынан жеңілмей келеді.
Енді, Еуропа Лигасы топтық кезеңінің артта қалған төрт турына қысқаша тоқталып өтсек. «Вильярреал» командасы 8 ұпаймен «А» тобында көш бастап тұрса, «Астана» испаниялық командадан бір ұпайға кем жинап, сенімді түрде екінші орынға жайғасты. Ал Ччехияның «Славиясы» 5 ұпаймен үшінші орынға табан тіресе, «Маккабидің» қоржынында бір ғана ұпай бар. Ал израильдік команда топтан шығатын мүмкіндігінен толықтай айрылып қалды.
Осы орайда, топтық кезеңнен шығу мүмкіндігіне «А» тобында 3 команда ғана ие. «Славия» бесінші турда сырт алаңда «Маккабимен» күш сынасса, «Астана» өз алаңында «Вильярреалды» қабылдайды. Ал испаниялық команда Ла Лига аясында 20 қараша күні сырт алаңда «Атлетик Бильбаомен» кездесіп, үш күннен кейін «Астанамен» ойнайды. Ал 26 қараша Испания чемпионатындағы басты бәсекелесі «Севилияға» қарсы ойнайды. Осы тұста Ипания мен Қазақстан арасындағы уақыт айырмашылығы, ұшып келу ұзақтығы, «Астана Аренадағы» жасанды алаңның қолайсыздығы барын ұмытпайық.