Қазақстан • 12 Қараша, 2017

Қазақстанда 4.7 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда 4.7 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді

«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 10 сағат 45 минут 33 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Ведомство хабарлауы бойынша жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстікке қарай 115 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында болған. Энергетикалық класы 9.4, ошағы 15 км тереңдікте орналасқан. Магнитудасы MPV 4.7.