Медицина • 13 Қараша, 2017

Сырғытпа жауап, салғырт көзқарас

500 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сырғытпа жауап, салғырт көзқарас

Біз, Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары 2017 жылғы 6 қыркүйекте биыл мектеп бітірген түлек­терге жоғары оқу орын­дарын­да білім алу үшін бөлін­ген мем­лекеттік білім беру гранттарын үйлестіру ісі қоғамда наразы­лық­тар тудырғаны жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаевтың атына депутаттық сауал жолдаған едік. Оған 2017 жыл­ғы 6 қазанда № 20-34/2440 хат­пен «Алтын белгі» иегерлерінің басым құқығының сақталуы және лауазымды қызметкерлерге қатыс­ты жауапкершілік шаралары жоғары оқу орындарына қабыл­дау бойынша жыл сайынғы мониторинг шеңберінде ағымдағы жылғы қазанда қаралатын болады деген сырғытпа жауап берілді. Атал­ған мәселелерге нақты жауап бол­маған­дықтан, біз төмендегі сұрақ­тары­мызды Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдадық: 

1. Білім және ғылым ми­нистр­лі­гінің мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөнін­дегі конкурстық комис­сиясы қол­даныстағы заңна­маны басшы­лыққа алмай, енді ғана дайындалып, әлі қабылданбаған заң жобасына сілтеме жасап, заң бұзу­шылыққа неге жол берді?

2. 2017 жылғы 26 шілдедегі «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру» ережесіне өзгертулер мен толық­тырулар енгізу туралы Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің №446 қаулысы бойын­ша грант бөлуде «Алтын белгі» иегерлерінің басымдық құқ­ығы сақталады делінген. Білім және ғылым министр­лігінің осы қаулының талабын бұзуына қандай негіз болды? 

3. Бірінші тізімде грант таға­йын­далып, екінші тізімде грантқа ілінбеген талапкерлердің мәсе­лесі қалай шешілді? Еліміздің бір жоғары оқу орнына түсушілер тізі­­мі­нен алынып тасталып, басқа өңір­лердегі жоғары оқу орындары­на жіберілген талапкерлердің әлеу­меттік жағдайлары ескерілді ме?

4. Кейбір медициналық ма­ман­­­дықтар бойынша бөлінген мем­лекет­тік тапсырыстың медици­на­лық жоғары оқу орындарының арасындағы бөлінісі құжаттар тапсыру аяқталуына 1 күн қалғанда жариялану себебі неде? Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған ақпаратқа сәйкес медицина­лық жоғары оқу орнына түсуге «Алтын белгі» иегерлеріне берілген 220 грантты Денсаулық сақтау ми­нистрлігі бір күнде жарамсыз етіп тастағанын қалай түсінуге болады?

5. Грант бөлу кезінде екі түрлі бұйрық шығарып, қателік жіберген Білім және ғылым, Денсаулық сақ­тау министрліктерінің жауап­ты қыз­меткерлері қандай жауап­кер­ші­лік­ке тартылды деген сұрақтарға да нақты жауап берілмеуінің себебі неде? 

Сонымен бірге Е.Досаевтың атынан келген ресми жауапта құжат­ты дайындаған орындау­шы­ның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілмеген. Мұның өзі Пар­ламент депутаттарын сыйла­мау­шылық белгісі ғана емес, Премьер-Министрдің қаулысы­мен бекітілген Кеңседе іс жүр­гізу жөніндегі нұсқаулықтың 44-тар­мағын бұзу деп санаймыз. Осы мәселеге де назар аударып, шаралар қолдануыңызды сұраймыз.

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,

Мәжіліс депутаты