Медицина • 13 Қараша, 2017

Кадр даярлау сапасын арттыру керек

1358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 1 тамызын­­дағы «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жыл­дарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мем­лекеттік бағдарламасын» бекіткен Жарлығында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аумақтық кластерлерге барлық қажетті шараларды жасауы, соның ішінде стратегиялық жобаларды іске асыруы үшін мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес көмектер көрсетуі жөнінде айтылған.   

Кадр даярлау сапасын арттыру керек

Мемлекеттік қолдаудың бір бағыты – білікті кадрлармен қамсыздандыру. Білім беру сала­­сын­дағы мемлекеттік саясат эконо­миканы әртараптан­дыру мен ин­дустрияландыру­дың қысқа және ұзақ мерзімді міндет­­терін шешетін кадрлар даярлау­ға бағытталған. Сондай-ақ эконо­миканың өңдеу саласы мамандарын дайындау ісі алға тартылған. 

Әрине, білікті мамандар даяр­лау ісі кадрлар біліктілігін арт­ты­­рып, сапалы деңгейге көтере­тін оқу орындары мен озық бағ­­дарламаларға байла­ныс­ты. Бұл міндетті шешу ісі білім беру және оқыту бағдарла­ма­­ларын жетілдірумен қатар, оқу орындарының материал­дық-тех­никалық базасын жақсарту­ды талап етеді. Аграрлық сектор да осы талаптың үдесінен шығуға талпынып отыр. Президенттің 2017 жылдың 14 ақпанындағы Жар­лығымен бекітілген агро­өнер­кәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдар­ламада да осы саланың оқу орын­дарын одан әрі жақсарту қажеттігі аталып өткен. Осы құжатта Елбасы ғылым, білім және өндірістің интеграция­сын қамтамасыз ету үшін Астана­дағы Сәкен Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық универ­ситетінің базасында Агроөнеркәсіп кешені саласында зерттеу университетін құру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы міндетті орындау үшін аталмыш оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігі туындауда. Оның бағдарламасы жасалып, іске асырылуы үшін республикалық бюджеттен 2018 жылға 223 млн теңге бөлу қажет болып отыр. Бұл қара­жат ғы­лыми-зерттеу зертханаларын қа­жетті жарақтармен қамтама­сыз ету мәселесін де шешеді.

Өкінішке қарай осы сома Ауыл шаруашылығы министр­лігінің 2018 жылға арналған бюджеттік сұранымында орын алмаған. Сол мәселені ше­шіп, келесі жылдың бюджеттік сұранымына енгізуді өтініп біз Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің атына депутаттық сауал жол­дадық. Мәселе оң шешімін табар деген үміттеміз. 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,

Мәжіліс депутаты