Кездесу барысында тараптар ғарыш саласын инновациялық жоғары технологияны қолдана отырып, бірлесіп игерудің инвестициялық жобасын қарады. Біріккен Араб Әмірлігі тарабы «Байқоңыр» ғарыш айлағының қазіргі жағдайымен және оны дамыту болашағымен танысты.
Кездесу барысында шейх Мәнсүр БАӘ қазақстан-ресей бірлескен «Бәйтерек» жобасына қатысуға қызығушылық білдіріп отыр.
Олар болашақта бірлескен ғарышты дамыту жобасын жүзеге асыруға стратегиялық бағдарлама жасап, тараптардың қызметін үйлестіріп отыру мақсатында үш жақты жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.