Медицина • 17 Қараша, 2017

Құ­дайберген Жаңабергенұлы туралы бір үзік сыр

746 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Ұстаздың биігі ойлана қа­ра­саң биіктей береді, үңіле қа­расаң тереңдей түседі, қол соз­саң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» деп Сократ айтқан тәмсіл сөз еске түскен са­йын өнегемен өрнектелген өмі­рі көпке үлгі болған, халқына адал қыз­мет етіп, шарапат нұрын ша­шып өткен ұлағатты ұстаз Құ­дайберген Жаңабергенұлының жұл­дыздай жарқырап дидары көз алдыма келеді. Сыр өңірінің ағар­тушылық қауымы арасында есі­м­і аңызға айналған бейне көз алдыңа елестейді. 

Құ­дайберген Жаңабергенұлы туралы бір үзік сыр

«Ел үшін төккен тер текке кетпейді, ол өзіңе абырой болып оралады» деген бұрынғылардың сөзі бекер емес екен. Құдайберген Жаңабергенұлы ұзақ жылдар бойы адалдықпен атқарған ерен еңбегінің арқасында абыройы өсті, ел құрметіне бөленді. Ол ғы­­­лымдағы табанды еңбектің ар­­­қасында физика-математика­ ғы­лымдарының кандидаты, пе­дагогика ғылымдарының док­­­торы, профессор атанды. Ы.Ал­тынсарин атын­дағы бірінші сый­­­­лықтың иегері, «КСРО ағар­ту ісінің үздігі» белгілерімен марапатталды. 

Құдайберген Жаңабергенұлы жас­тайынан алғыр, зейіні зерек болып, бо­йы­­на қазақы рухты сі­ңіріп өсті. «Ұяда не көрсең, ұш­қанда соны ілесің» – деп дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтімен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесі де ерекше еді.

Өмір – өзен, ал замана­ – соққан жел.­ 1954 жылы Қы­зылорда облысы, Жаңа­қорған қо­нысындағы №51 ВЛКСМ-ның 30 жылдығы атындағы орта мек­тепті үз­дік бітірді. Бірақ «ха­лық жауының» ба­ласы деген айыппен «Алтын медаль» берілмеді. Қаршадайынан тағ­дыр­ тауқыметін тартты. Озат оқу­шы бол­са да сол кездегі жас­­тар ұйымы – ком­сомолға қа­­был­дамады. Жастайынан сая­­­­си жүйенің зардабын көріп өс­­кен, та­лай-талай арпалыс тол­қынын кешкен Құ­дайберген Жа­ңабергенұлын қатал өмір ер­те есейтті. Арманы асқақ аза­мат 1959 жылы Н.В.Гоголь атын­дағы Қызылорда педагогика инс­титутының физика-математика факультетін бітірді. 1959-1961 жылдары Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылындағы №53 орта мектепте сабақ берді. Балалық шағынан «тар жол, тайғақ кешуге» толы өмірі ұс­таздық жолымен ұласты.

Өмір жолында тектілігі ай­шық­талып тұратын Құдай­берген Жаңабергенұлы 1961 жы­лы өзі оқыған Н.В.Гоголь атын­­дағы Қызылорда педагогика инс­титутына ұстаздыққа шақырту алып, ғылым жолына қадам басты. 1971 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорға­ды. Тағ­дырдың илеуімен талай қиындық­тарды бастан кешіп, мойымаған болат­тай берік тұлға, ғылымның сара жолын таңдап, «Кванттық механика», «Элек­троника негіздері», «Физиканы оқыту әдіс­темесі» оқу әдістемелік құралдарын, көптеген  ғылыми мақалаларды жарық­қа шы­ғарды.
Абай атамыздың: «Адам бала­сы­­ адам баласынан ақыл, ғылым, ар,­ мі­нез деген нәрселермен озбақ. Одан бас­­қа нәрселерімен оздым ғой де­ген­­­нің бәрі де ақымақтық» – деген сөзі даналық ой десек,­ немістің атақ­ты ма­те­матигі Карл Гаусстың: «Ари­ф­ме­ти­ка – мате­матиканың, ал математи­ка­ – ғылымдардың патшасы» дегені бар ғой. Құдайберген осы қиын соқ­пақты таң­дады.

Тағдыры да, өмірі де өнегелі Құдай­берген Жаңабергенұлын өзгелерден дараландырып тұра­тын ерекше қасиеті – оның қара­пайымдылығында болса керек. Қиындықтан жасымай, қуанышқа тасымай салқынқандылықпен өмір сүрді. 

Асан Қайғы бабамыздың: «Өмір де­ге­ніңіз мәңгілік алдын­дағы бір сәттік сейіл-серуен» екен­дігіне амалсыз көне­міз. Құ­дай­берген Жаңабергенұлы да­ «кел­местің кемесіне мініп», фәни дүние­ден бақилыққа озды. Өткен күннің бел­гісі болып соңында игі істері қалды. Жү­­регі ашық, жаны таза ол ұстаздар қа­уымының абызы, қоғамның ұстазы бо­ла білді. Талай бұлақтың көзін ашты, ар­насын кеңейтті. Өнегелілік жолында кү­рескерлік танытты. 
Жақсы адамдардың өмірі – ұрпаққа өнеге. «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, бүкіл өмірі үлгі болған, жақсының жақсы ісін айту, оны өмірге өнеге ету – парызымыз. 

«Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең», – деп Абай атамыз айтқандай Құ­дай­берген Жаңабергенұлының тұл­ғасы алыстаған сайын биіктеп барады-ау! 

Қайрат АБДУЛАЗИЗҰЛЫ