Үкімет • 26 Сәуір, 2024

Әлеуметтік міндеттер уақтылы орындалып жатыр

50 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова су тас­қынынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау бо­йынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.

Әлеуметтік міндеттер уақтылы орындалып жатыр

«Мемлекеттің халық алдын­дағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалып жатыр. Зар­дап шеккен аймақтардың тұрғын­дарына әлеуметтік төлемдер бекі­тіл­ген мерзімнен бұрын берілу­де. Мұндай режім биылғы 1 қыр­кү­йекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар аза­маттар­ды қайта куәландыру мен бірін­ші тоқсанда атаулы әлеу­мет­тік көмекті алып жүргендер үшін қай­та тағайындау мерзімдері 1 шіл­д­еге дейін автоматты түрде ұзар­­ты­лды», деп атап өтті Т.Дүйсенова.

Вице-премьер тасқыннан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу туралы да айтты. Су тасқыны салдарынан үйлері немесе саяжайлары (жалғыз тұр­ғын үйі) қалпына келтіру мүмкін болмай қалған азаматтар үшін мәселені шешудің екі жолы ұсынылған. Ол – жаңа үй салу немесе Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен шекті сома аясында азаматтардың таңдауына сай екінші нарықтан дайын баспана сатып алу.

«Тасқын судан зардап шеккен­дердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады», деп атап өтті Т.Дүйсенова.

Айта кетейік, бұл қосымша көмек бүлінген үй заттарын (тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары) сатып алуды қаржыландыру немесе шұғыл қажеттілігі бар тауарларды ұсыну түрінде көрсетіледі.

Одан бөлек, өтелмеген несие­сі бар азаматтарға банктер мен микроқаржы ұйымдары 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі аралықта берешекті өтеу мерзімін ұзартуды қарастыруда. Аталған кезеңде зардап шеккендерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Мұндай шара жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдеріне де ұсынылады. Аймақ әкімдіктері 5 мыңнан аса азаматтың және 110-нан аса бизнес субъектілерінің тізімін жасаған.

Сонымен қатар эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерьлері­не, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Онда тұруға, тамақтануға және оқуға қажетті жағдай жасалған. Олар мұнда үйлері қалпына келті­ріліп, мектептерінде оқу үдерісі қайта жалғасқанға дейін болады.

«Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе бас­паналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санат­тағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерьлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда», деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Тамара Дүйсенова сондай-ақ зардап шеккен 6 аймақтағы түлектер үшін ұлттық бірыңғай тест бөлек кестемен өткізілетінін жеткізді. Талапкерлер төмен балл алған жағдайда биылғы жағ­дайға байланысты қаңтар мен наурыз айларындағы ҰБТ-дағы үздік нәтиже ескерілетін болады. Одан бөлек, қазір қосымша нысаналы гранттар бөлу жағы қарастырылып жатыр.

Вице-премьер барлық меди­циналық мекеме күшей­тіл­ген режімде жұмыс істеп жатқа­нын да атап өтті. Қазір қажет­ті дәрі-дәрмек қоры әзірлен­ген. Эпидемиялық бригадалар құрылып, жапа шеккен аймақ­тардағы ауыз су сапасы мен ерекше қорғалатын аумақтар тұрақты бақылауға алынған. Бүгінде эпиде­миялық жағдай тұрақты деп бағалануда.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024