Қазақстан • 21 Қараша, 2017

Абаев Еңбек министрлігінің жұмысын цифрландырудағы жетістіктерді атады

60 реткөрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын цифрландыруда бірқатар жетістік бар. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жан-жақты әзірленіп жатқаны белгілі. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған осы іргелі бастаманың аясында алдымызда көптеген міндеттер тұр. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне архитектура әзірлеу барысында министрліктегі негізгі мәселелер айқындалып, автоматтандыруға жол ашатын стратегиялық маңызды бағыттар нақтыланды», - деді ол.

Сонымен қатар Дәурен Абаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйе мен ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның негізгі жағдайы сарапталып, оларды оңтайландыру мен дамыту  бойынша  маңызды ұсыныстар берілгенін баса айтты.

«Министрлік жұмысында бұл бағытта бірқатар жетістік бар екенін атап айту керек. Ол: қайталатын ақпараттық жүйелерді біріктіру, оларға арналған шығындарды оңтайландыру мәселелері. Сондай-ақ министрліктің жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық іс-қимылында қосарланған шаралардың жоқ екендігін атап айтқан жөн. Осы тұрғыда мақсатты жобалардың архитектурасы мен жол картасы әзірленді. Соның ішінде маңыздысы - электронды еңбек биржасын дамыту, әлеуметтік мәртебелер мен әлеуметтік көмекті есепке алудың бірыңғай жүйесі, қызметкерлердің профилін жүргізу және еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру, проактивті әлеуметтік қызметтер көрсету үшін өміршең жағдайлар жүйесін есепке алу. Осы архитектураның жобасы сарапшылық кеңеске таныстырылып, келісілді»,- деді министр.   

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жайында баяндама жасаған болатын.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар