Медицина • 23 Қараша, 2017

Семейде жастар латын қарпіндегі кітаптармен танысты

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде «Тілге құрмет – елге құрмет» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған облыстық білім байқауының қатысушылары «Латын қаріпті кітаптар» атты кітап көрмесіне арнайы келді. 

Семейде жастар латын қарпіндегі кітаптармен танысты

Фото: Раушан НҰҒМАНБЕК

Шара барысында сирек басылымдар қорындағы сақталған 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген басылымдар таныстырылып, шолу жүргізілді.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақала­сы ая­сында осы көрмені өзге ұлт өкіл­деріне ұсынып отырмыз, – деді Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың директоры Гүлнар Жігітбаева, татар, өзбек, орыс, белорус, корей ұлтының өкілдері шара барысында сирек басылымдар қорында сақталған латын қарпінде жарық көрген кітаптармен танысты. 

– Мұнда 1929-1940 жылдары басылған әліппені көріп таң-тамаша қалдым, – дейді Оксана Гребенчук, тіпті жаратылыстану, химия, анатомия, жағрафия сияқ­ты пәндік кітаптар мен Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт Торай­ғыров, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Май­лин, Сәбит Мұқановтардың латын қа­ріп­терімен терілген шы­ғар­малары бар екен. Қазақ халқына латын қарпі бұрыннан таныс екендігін байқадым.

Т.Аманов атындағы №16 мек­теп оқушылары да арнайы келіп, көрмені тамашалады. Олар­дың назарына Ә.Ермековтің «Ұлы математика курсы» (1935 ж.), А.Мамытұлының «Денсау­лық жолында» (1935 ж.), Т.Шонан­ұлының «Орыстарға қазақ тілін үйреткіш» (1931 ж.), «Таңқыбай» (І.Жансүгіров), «Құқ: сатиралық әңгімелер жинағы» (1935 ж.) сияқты латын тіліндегі басылымдар ұсынылды.

Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист

СЕМЕЙ