Қазақстан • 24 Қараша, 2017

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері тұман болып, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады.

"Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар оңтүстік облыстардың ауа райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері және дүйсенбіде кей жерлерде жауын-шашын жауады, яғни жаңбырдың соңы қарға ауысуы, тұман және көктайғақ кутіледі. Республиканың қалған аумағында атмосфералық қысымның әсерінен тұман күтіледі және жекелеген аудандарда аздаған қар жауады. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады",- деді синоптиктер.