Қазақстан • 27 Қараша, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Мына бір қараңызшы ғаламатқа-ай, 
Би сазы құйқылжыған жанады оттай. 
Қазақтың дара биі «Қара жорға»
Дүбірлеп жүректерде бара жатты-ай!
Көргенбіз домбырамыз қор болғанды, 
Қазақтың биі жоқ деп сандалғанды.
Әлемге қол соқтырған қазақ биі 
Әлпештер әлі талай армандарды.
 

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
 

Жоба авторы

Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»