Қазақстан • 27 Қараша, 2017

Үздік қазақ тілді сайттар анықталды

1665 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында «Назарбаев орталығында» Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының сыйлығына арналған үздік қазақ тілді интернет сайт байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Үздік қазақ тілді сайттар анықталды

Байқау үшінші рет ұйымдас­ты­рылып отыр. Оған кемінде бір жыл бойы тұ­рақ­ты жұмыс іс­тейтін, мем­лекеттік тілде ақ­па­рат та­рататын, тәуелсіз қо­ғам­дық сайт­­тар қа­тыс­­т­ы. Кон­курс­тың мақ­­саты – үз­дік қазақ тілді ресурстарды анық­тау, олардың саны мен сапасын арт­тыруға үлес қосу.

Алқалы жиынға Тұңғыш Пре­зидент – Елбасы Қорының атқа­ру­шы директорының орын­ба­сары Сұл­тан Айт­жанов, Мә­жі­­ліс депута­ты Бақыт­бек Сма­ғұл, Тілдерді да­мы­ту жә­не қо­ғамдық-саяси жұ­мыс коми­те­ті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мел­деш, сондай-ақ қоғамдық ұйым­дардың және мемле­кет­тік органдардың өкіл­дері қа­тысты.

– Биыл жүлдеміз де, қаты­су­шы­лар саны да артты. Дегенмен, назар ау­да­ра­тын мәселелер де жоқ емес. Би­­ыл екі жүлдені, яғни «Ба­ла­ларға ар­налған үздік мем­лекеттік емес қазақ тілді са­йт» және «Аймақтық үз­дік мем­лекеттік емес қазақ тілді са­йт» аталымдарына жүлде бер­меу­ді жөн көрдік. Себебі, елі­міз­де дәл осы аталымдарға сай ке­­ле­тін ресурс жоқ, – деді сал­та­нат­ты жиында сөз алған Сұлтан Айт­жанов.

Конкурсқа барлығы 33 өтінім түс­ті. Қазылар құрамы сайт­тар­дың мазмұны, қазақ тілі мен ұлт­тық құнды­лық­тардың дәріпте­луі, пат­ри­оттық тақырып­тар­дың жиі қозғалуы, көркемдігі се­кілді та­лаптар бойынша үздік­тер­ді анық­тады.

Қорытындысында «Өт­кір тіл» аталымы бойынша «zheruiyq.kz» порта­лы, «Рухани азық» аталымын­да «qamshy.kz» порталы, «Терең ізденіс» ата­лы­мын­да «247media.kz», «Шы­найы өмір» аталымында «kerekinfo.kz», «Ойын-сау­ық» аталымында «baribar.kz», «Жастар әлемі» аталы­мы­нда «zhasatyrau.kz» порта­лы же­ңімпаз деп танылды. Сон­дай-ақ ұйым­дас­ты­ру­шылар «Спорт тынысы» ата­лымында «ulttyqsport.kz» және «alzhan.kz», «Білім бұлағы» аталымында «kaz-tili.kz» мен «qaztest.kz» сайттарын үздік деп тануды жөн көрді.

 

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»