Шараны Атырау облыстық əкімдігінің қолдауымен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен жекпе-жектен облыстық федерация ұйымдастырып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, əлем чемпионатында Қазақстан атынан 20 спортшы қатысып, 10 салмақ дəрежесі бойынша бақ сынайды. Атырау облысының намысын үш жекпе-жек жауынгері қорғайды, олардың арасында атақты спортшы Исатай Теміров те бар.
-Жекпе-жектен əлем чемпионатының Атырауда өтуі ұлттық спорт түрлерінің халықаралық дəрежеде танымалдылығын арттырады жəне қазақстандық жас ұрпақтың спортпен айналысуына серпін береді,- дейді дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысв Ринат Ибрагимов.
Айта кетейік, 15 қарашада жарысқа қатысушылар Атырауға келді, олар күніне екі рет жаттығып, дайындалу үстінде. Қазір жауынгерлер бақылау салмақ өлшеуге əзірленуде.
-Чемпионат аясында жекпе-жекпен қатар эстрада жəне спорт жұлдыздарының қатысуымен арнайы бағдарлама көрермен назарына ұсынылады,- дейді ұйымдастырушылар.
Жекпе-жектен əлем чемпионаты орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 1-3 желтоқсан аралығында болады.