Үкімет • Бүгін, 08:55

Креативті индустрия туралы заң қаралды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, онда креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі заң қаралды.

Креативті индустрия туралы заң қаралды

Депутаттар бастамашы болған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң ұлттық мәдениет саласын заман талаптарына сай жаңғыртуды көздейді. Отырыста аталып өткендей, заңды мақұлдау мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілі­гін арттыруға, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды сақтау мен ілгерілетуге ықпал етеді.

«Қаралған заң еліміздегі креативті индус­т­рия саласын реттейтін заңнама­ны одан әрі жетілдіруді көздейді. Атап айт­қан­да, саланы қолдауға бағытталған бірқа­тар жаңа тетіктер ен­гізіліп отыр. Соны­мен қатар өкілетті ор­ганның құзыреттері нақ­ты­ланып, қосым­ша міндеттер жүк­тел­ді. Жалпы, заң елі­міздің креативті эко­но­ми­ка секторының одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Заң аясында кинематография мәсе­ле­лері мен жастар саясатын реттей­тін салалық заңдарға да қатысты өзгеріс­тер енгізілді. Мақұлданған заң бірыңғай сая­сат шеңберінде креативті индус­трия­ларды дамытуға, шығармашы­лық әлеует­ті экономиканың бір бөлігіне ай­­нал­­дыруға, мәдени және креативті өнім­­д­ердің сапасы мен мағыналық то­лық­­тығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте жастарды шығармашылық қызметке тартуға жәрдемдесу, олардың осы саладағы бастамалары мен жобаларын қолдау жөніндегі нормалар туралы сөз болып отырғанын атап өткен жөн. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20