Нұрсұлтан Назарбаев: Ағысқа қарсы жүзгендей тек қана алға ұмтылу керек

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесті.

Егемен Қазақстан
01.12.2017 1988
2 Суретті түсірген Ерлан Омар, "Егемен Қазақстан"

Жиын барысында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев қазір мүлдем басқа заманның келе жатқанын айтты. "Мен "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жеңімпаздарының өмірбаяндарымен таныстым. Сіздер осы қоғамда белсенді түрде өмір сүріп жатырсыздар. Барлықтарыңыз алға шықтыңыздар. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» - заманымыздың үздіктері ретінде сіздермен кездесіп отырмыз. Баршаңызды құттықтаймын», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде заманның жылдам дамып жатқанын, сəл кідіріс болса, артта қалып қою оңай екенін айтты. «Уақыт сондай. Мемлекет мен мемлекеттің, адам мен адамның, ұлт пен ұлттың бәсекесі қызып тұр. Ағысқа қарсы жүзгендей, тек қана алға ұмтылу керек. Тоқтап қалдың ба - ағыс сені қайта кері алып кетеді. Өмірде де сондай. Тоқтап қалсаң - болды. Бүгінгі күні бәрі баламалы ақылмен айналысып жатыр. Қазіргі заманда дауасы жоқ деген аурулардың өзіне ем табылуда. Жасанды интеллект бәрі жерде болады. Бәрі өзгереді. Ал санамыз өзгере ме? Сондықтан, менің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаламда «көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан әлеммен және дамушы мемлекеттермен тең болу үшін біз де санамызды жаңғырутымыз қажет» дедім», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Елбасы сонымен бірге сана жаңғырмаса ештеңе болмайтынын, бұл мәселе әсіресе қазақтар үшін маңызды екенін атап өтті.  «Біздің ата-бабамыз мал бағып, көшпенді болып өтті. Мен жастық шағымды еске аламын. Мамандық бойынша инженер-металлургпын. Бізді - Қазақстанның 100 жас жігітін Украинаға жіберді. Бәріміз де металлургияны білмейтін едік. Дәл жаныңда температурасы 1500 градустық балқыма металл ағып жатқан кезде, сен ол жалынның жанында тұруың керек. Бұған қоса ауыр сайманды ұстап тұрып, 2-3 литр су ішіп, терлеп тұрасың. Бізді сол цехқа лақтырды да тастады. Сол кездегі және бүгінгі менталитетті салыстырып көріңіз», - деді Елбасы.

Президент сол кезде қазақ жігіттерінің арасында 10 жігіт қана жұмыста қалғанын еске алды. «Шыдамады. Ауылдан келген әке-шешелері: «Сенің құрдастарың мектеп бітіріп, үйленіп жатыр. Қой бағуда. Неғып жүрсің мұнда», - деді де, алып кетті. Ал сол мамандықты меңгерген басқа ұлттың мамандары бізді қой баққаннан басқа қолынан ештеңе келмейді деді. Сол сөз намысыңа тимей ме? Сондықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша үлкен шаруалар атқарылып жатыр. Ол жұмыс халықтың қолдауына ие болды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне не үшін көшетінімізді түсіндірді. «Кириллицаның бірнеше әрпі қазақ лексикасына мүлдем қатыспайды. Қазақ тілінде «ь», «ъ» белгілері, «ч», «щ», «я» әріптері жоқ. Японды біз жапон дейміз. Соның барлығы біздің тілімізді, жазуымызды, жұрттың оқуын қиындатты. Мұның барлығы ең негізгі емес те шығар. Ең негізгісі, мына заманмен, болашақпен бірге болу үшін ол бізге керек. Латын әліпбиіне көшу арқылы біздің барлығымыз да ақпараттың дамып келе жатқан кеңістігіне енетін боламыз. Бұған дейін айтқанымдай, интернет тілі - бұл ғылым мен мәдениет тілі. Біз бұл бағытта ілгерілеп те келеміз. Мен аталған әліпби туралы Жарлық та шығардым, оны өздеріңізде білесіздер», - деді Елбасы.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы гуманитарлық білім беру мәселесіне де кеңінен тоқталды және гуманитарлық саладағы 18 кітаптың қазақ тіліне аударылып жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бүл кітаптао мектептерде де, университеттерде де оқытылатын болады. Сондай-ақ Елбасы «Туған жер» бағдарламасына да тоқталды. «Әр адамның отансүйгіштігі өз отбасынан, әкесінен, анасынан, бауырларынан, тұрған үйінен, ауылынан басталады. Қазір де қазақтардың 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Бұрын ауылда 90 пайызы тұрған еді. Сол ауылдың бір атақты төбесі, өзені, сол жерде шығатын өсімдігі, жидегі бар. Соның барлығы - Отанымыз, туған жеріміз. Менің де қазір көзімді жұмсам, кішкентай кезімде жүрген жерлерім, аралаған тауларым, жата салып, суын ұрттаған өзендерім есіме түседі. Сондықтан, Туған жер деген - әр адамның кіші отаны», - деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің қалталы азаматтары туған ауылдарына барып, 300 млрд теңгеге 720 әлеуметтік нысан салып берген.

Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы анықталған 102 жеңімпаздың ішінде Қазақстанның туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлер, меценаттықпен көзге түскен белді кәсіпкерлер мен ғалымдар, мәдениет пен қоғамдық салада ел аузында жүрген азаматтар бар. «Осы жиынға келгендеріңіз үшін қуаныштымын. Мен үшін екі туған күн бар. Біріншісі, өздеріңіз білетіндей, өзім туған - 6 шілде. Екінші туған күнім - 1 желтоқсан. Бұл - қазақ елі бүкіл халық болып, тұңғыш рет Қазақстан халқы Президентін сайлаған кез. Сол сынға түсіп, тұңғыш рет 90 пайыздан астам дауысқа ие болдым, содан бері 26 жыл өтті. Сіздердің барлықтарыңыз да жассыздар. Сол кезең мен қазіргі кезең екі бөлек. 26 жылда көптеген дүние өзгерді. Сол кезеңде өмірге келген бала 26 жаста ғана. Бұл жұмысқа кірісуде ең жақсы кезең», - деді Президент.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 100esim.el.kz сайтында 18 қазан - 10 қараша күні аралығында өткен болатын. Онлайн-дауыс беруге 302 кандидат ұсынылып, үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінді. Яғни, ғылым саласында - 45, спортта - 42, қоғамда - 86, медицинада - 46, мәдениетте - 37 және бизнес саласында 46 адам «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткер ретінде тіркелген болатын. Дауыс беруге ұсынылған кандидаттар елдің барлық өңірлерін қамтыды.

Арнұр Асқар,

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Буэнос-Айрес: Еліміздің Әнұраны екі мәрте шырқалды

18.10.2018

Айбике Хабибуллина Азия чемпионатында топ жарды

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне сапармен барды

18.10.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы дағдарысты шешуге шақырды

18.10.2018

ҚИК жаңа ипотекалық өнімді іске қосу туралы жариялады

18.10.2018

Ресей мен Моңғолия арасында әскери серіктестік түзілді

18.10.2018

«Өзен» өткел бермей тұр

18.10.2018

Балуандар Багам аралдарында белдесуде

18.10.2018

Сенат депутаттары Қыздар университетінің ұжымымен кездесті

18.10.2018

Жолдау 2018: мамандар қолдауы

18.10.2018

Әлеуметтік мәселелерді жылдам шешуді көздеген өңір

18.10.2018

Журналист Күлән Берікболова дүниеден өтті

18.10.2018

Екібастұзға ерекше сыйлық

18.10.2018

Шалғайдағы халық алысқа шабылмайтын болды

18.10.2018

Сенаторлар құрылыс алаңдарында болды

18.10.2018

Тағдыры ұқсас таланттар

18.10.2018

Кубань казактары қазақша шырқады

18.10.2018

Қарағандыда тәртіп сақшылары мен құтқарушылар 850 млн теңгенің жаңа техникасына ие болды

18.10.2018

Жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

18.10.2018

Әлемдік рейтинг жаңартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу