Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2017

Тұңғыш Президент күніне орай Атырау облысында 6 əлеуметтік нысан ашылды

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа əлеуметтік нысандар облыс орталығымен қатар аудандарда да пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.


Тұңғыш Президент күніне орай Атырау облысында 6 əлеуметтік нысан ашылды

Ашылған нысандар қатарында Индер ауданы Құрылыс ауылындағы 100 орындық орта мектеп пен Индер поселкесіндегі 290 орындық балабақша, Атырау қаласы Жұмыскер поселкесіндегі мəдениет үйі, Жылыой ауданы Жаңақорған, Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай ауылдарында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.

Жалпы биыл аймақта құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген əлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым қатары көп болды. Сыйымдылығы 1355 орындық 7 балабақша, 1608 оқушыға арналған 5 мектеп ашылды, екі мектеп күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында инфекциялық аурухана іске қосылды, ал Индер ауданы Көктоғай ауылының тұрғындарын жаңа отбасылық амбулаторияның ашылғаны қуанышқа бөледі. Үш мəдени нысан салынды - Жанбай, Жұмыскер ауылдарында 200 орындық 2 мəдениет үйі, Индер поселкесінде мəдениет үйі.

Аймақ биыл 5 спорт нысанымен толықты. Тұрғындар игілігіне Атырау, Ақжар ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері берілді. Жылыой ауданында үш нысан ашылды. --