"Қазақстаннның Беларусьтағы елшілігіне Геннадий Бендицкидің туыстары хабарласып, 9 қалалық ауруханасында жергілікті уақыт бойынша таңғы 6.30 шамасында қайтыс болғанын жеткізді. Сол уақыттан бастап елшілік журналистің отбасына қажетті құжат реттеу және өзге де іс-шараларды атқаруды қолға алды. Минскіде журналистің жұбайы мен тағы бір туысы бар. Өз тарапымыздан журналистің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз",- деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Еске сала кетейік, қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий 47 жасында дүниеден озды. Отандық басылымдар оның соңғы айларда сырқаттанып қалғанын, операция жасауды күтіп жүргені жайында хабарлады. Сондай-ақ әлеуметтік желіде журналистің әріптестері мен оқырмандары журналисті еске алған жазбалар жариялап, қайғыра көңіл айтып жатыр.