04 Желтоқсан, 2017

Заңсыз аң аулағандардың қатарында орман қорғау қызметкері де болған

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 желтоқсан күні түнгі 02:00 кезінде «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып «Ертіс орманы» МОТР Бесқарағай филиалының Байымбет орманшылығы аумағында «Ниссан Патрол» автокөлігімен заңсыз аң аулаған 4 адамды ұстады. Олардың біреуі «Ертіс орманы» МОТР Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы болып шықты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Заңсыз аң аулағандардың қатарында орман қорғау қызметкері де болған

Автокөліктен заңсыз атылған 1 бас бұлан мен 1 бас елік табылды. Браконьерлік топ қолданған қаруларымен қоса Павлодар облысы Лебяжі аудандық Ішкі істер органына жеткізілді.

Қазіргі уақытта Лебяжі аудандық ІІО қызметкерлерімен кінәлі тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу іамалдары жүргізілуде.