Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2017

Жансая өлеңімен өрге озды

529 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

 Астана қаласында «Алтын ұрпақтың рухы» атты көркемсөз оқитындардың республикалық байқауы өткен болатын. Міне, осы айтулы поэзия мерекесінде Щучинск қаласындағы педагогикалық колледж студенті Жансая Бекболатова бірінші орынды иемденді.

Жансая өлеңімен өрге озды

Әрине, соншама көрерменнің алдына шығып, сахнадан өлең оқу оңай тимегені анық. Бұл жолы Жансая ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Соқыр ана» монологін таңдапты. Негізінен шара жазушы Ғабиден Мұстафин­нің туған күніне орайластырылып өткізіл­ді. Мұндағы бас­ты мақсат – жазу­шы­ның шығармаларын барынша насихат­тау. Сонымен қатар  шетел және отандық әдебиет­ші­лердің шығармаларын барынша танымал ету. 

Әлемдік мәдениет құндылық­тары­на құрылған поэзия кеші де сәтімен өтіп, көрермен көңілін жадырата түсті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен орта және жоғары оқу орындарының 135 студенті қатысқандығын ескерсек, аталған шараның қаншалықты тар­тысты өткендігіне көз жеткізуге бола­ды. Сондай-ақ үшінші орынға ие болған Еркегүл Жакенова да Щучинск қала­сынд­ағы педагогикалық колледж сту­денті болып табылады. Ол Мұхтар Шахановтың «Отырар» поэмасынан үзінді оқып, тыңдармандарын тәнті етті. Аталған оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақылбай Теміров ағынан жарылып былай деді: «Осындай шара өткізу өз Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілікті оятады, әрбір баланың бойында тұлғалық сипат қалыптасуына, Қазақстан жастарының шығармашылық әлеуетін ашуға оң ықпал етеді. Сонымен бірге отандық тарих пен әдебиетке қызығушылығын арттырып, көркемсөз өнері­не және қойылым қоюға баулиды». Шы­нында да бұл сайыс жастарды жарыс­тырып ғана емес, табыстырған әдемі поэ­зия мерекесіне айналды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы