Тарих • 14 Желтоқсан, 2017

Энциклопедиялық баспаға 50 жыл

1356 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Энциклопедиялық баспа Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысына сәйкес Ғылым академиясының жанынан «Қазақ совет энциклопедиясының» Бас редакциясы болып құрылғаны белгілі. Санаулы күндерден кейін баспаның өз жұмысын бастағанына 50 жыл толады. Өткен жылдар белесіне көз тоқтатсақ, энциклопедиялық баспаны тау көтерген Толағаймен теңестіруге болар еді.   

 

 

 

G

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Энциклопедиялық баспаға 50 жыл

Қазақстанда тұңғыш энцик­ло­педиялық әдебиеттердің дүниеге келуінің өзі де бас­па тұсауы кесілген дәл сол жыл­дардан бастау алады. Бұл уа­қыт ішінде баспа тәй-тәй басып қаз тұрудан бастап, ал­ғаш­қы қалыптасу, өсіп-жетілу, ақырында толысу мен кемелдену кезеңдерін басынан өт­керді. Еліміздегі баспа құрылы­мында энциклопедиялық әде­биет­тердің жанры, әдеби, ғылы­ми критерийі мен стилі, тех­ни­калық жүйесі тұңғыш рет жасалып, қалыптасты. Энцик­лопе­диялық әдебиеттерді пайдаланатын, оны оқып түсіне алатын оқырмандардың бірнеше ұрпағы өсіп шықты. Ғылым мен білім салалары бойынша энци­кло­педиялық мақалалар жазуға құқықты ғалымдар мен жоғары білікті маман авторлар шоғыры қалыптасып, олардың да бірнеше ұрпағы дүниеге келді.

Энциклопедиялық баспада жұмыс істей алатын жан-жақты білімі мен қабілеті бар редактор, корректор, технолог, оператор кадрлардың бірнеше буыннан тұратын үлкен тобы тәрбиеленіп шық­ты. Бұл тұрғыдан алғанда энцик­лопедиялық баспа өзін­ше бір ерекше мектептің рөлін атқарды. Энциклопедия өзі­нің «білімдер жиынтығы» де­ген атына лайықты қыз­мет атқарып келеді. 50 жыл­дың ішінде бірнеше жүз­деген энциклопедиялық жинақ­тар, қалың-қалың томдар жа­рық көріп, оқырман энцик­лопе­диялық ақпаратпен барынша толық қамтамасыз етілді. Энциклопедиялық білім­дердің күнделікті тіршілік сұра­ныстарымен біте қайнасып кетуінің арқасында халықтың бұрынғы «қызық роман оқу» деңгейінде ғана кенжелеп қал­ған рухани-интеллектуалдық болмыс-бітімі қайта түлеп, ғылы­ми-көпшілік және таным­дық ақпараттармен емін-еркін араласатындай биікке көтерілді.
Баспа «Қазақ совет энцик­ло­педиясының» (ҚСЭ) 12 томын 1978 жылға дейін шыға­рып болды. Әр томы 40 000 данамен таралып, 120 бас­па табақ көлемінде жарық көр­ген 12 томда барлығы 50 мыңға жуық мақала жарияланып, оның 30 пайызы ұлттық (жергілікті) терминдер мен ұғымдарға арналды. 13 мыңға жуық карта, сурет және басқа да көрнекі мате­риалдармен безендірілді. «Қазақ совет энциклопедиясын» жасауға Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның аса ірі ғылыми орталықтары мен көр­некті ғалымдары, халық шаруа­шылығының мамандары, мәдениет қайраткерлері, пар­тия, кеңес және басқа да қо­ғам­дық ұйымдардың өкіл­дері, ғы­лыми-зерттеу меке­ме­лерінің, мұра­жайлар мен мұрағат­тардың, кітап­хана қыз­ме­ткерлері, жоғары оқу орын­дарының оқытушылары, тағы басқалар қатысты. Олар бұл жұмыстардың барлығын мем­лекеттік тұрғыдан, қоғамдық негізде атқарды. Аса ірі 50 ғалым мен маманнан құрылған Бас редакция және оның күнделікті жұмыс істейтін ғылыми-редак­циялық аппараты (130-дай адам) жемісті еңбек етті. Барлық материал 300-ден аса ғалым мен маман тартылған 35 салалық редакциялық кеңес­тің қарауынан өтті; олар ғылым мен білімнің 47 саласын қамты­ды. Авторлар саны 8000-ға тартты, яғни әр томның мақалаларын жазуға орта есеппен 600–700 адам қатысты. Оқырман ҚСЭ томдарынан барлық құрлықтар мен мұхиттар, елдер мен халықтар, шексіз де шетсіз аспан әлемі мен жер қойнауы жайында толық түсінік алды. Ғылымдар, олардың сан алуан салалары, бір-бірімен байланысы, өзара кірігуі, жаңа салалардың пайда болуы, адамның табиғатпен қарым-қатынасы, т.б. жан-жақты баяндалды. Қоғамдық өндірістің барлық салалары, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдени құрылыс, білім мен денсау­лық сақтау, халықтың әл-ауқаты, т.б. салалар ғылыми және нақты деректермен сипатталды. Бас редакция 12 томдықтан кейін түрлі сала­лық энциклопедиялар мен анықтамалықтар, сөздіктер шығара бастады.

Әрине «Қазақ совет энциклопедиясы» кеңестік және социалистік кезеңнің өнімі болғандықтан, оған сол кез­дегі саяси-идеологиялық бір­жақты көзқарастың әсері болға­ны сөзсіз. Мәселен көп­теген қоғамдық-саяси және жер­гі­лікті ұлттық мәселелер энци­кло­педияға кірмей қалды, кір­гені партиялық және таптық тұрғыдан тұжырымдалды. Міне, осы себептен де, еліміз тәуел­сіздік алғаннан кейін, энциклопедияны жаңарту қажет­тігі туды. Осылайша, 1998-2007 жылдар аралығында 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы дүниеге келді. Әр томның көлемі 140 баспа табақ шамасында болды. 

10 томдық энциклопедия тәуелсіз еліміздің ұлттық мүд­десіне сай және ғылыми тұрғыда жазылып, бұрынғы 12 томдықтан түбірімен өзгеше, жаңа сапада жарық көрді. Мысалы, кеңестік энциклопедияның 5-томында Кенесары Қасымовқа «Қазақстандағы феодалдық мо­нархиялық қозғалыстар басшысы» деген анықтама беріліп, ол негізінен хандық басқару жүйесін қайта орнатуды ғана көздеді, еңбекші халықтың мүддесін ойламады, әскері де тек өзінің жақын туыстарынан құралды, «барлық қазақ жерін Абылайдан қалған өз мұрам» деп есептеп, оны шаруаларға бөліп беруден аулақ болды деген сыңаржақ теріс тұжырым жасалған болса, ал Ұлттық энциклопедияның 4-томында ол (Кенесары) өзінің «мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы» деген шынайы мәртебелі атына ие болып, оның күресі «Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыс» деп әділ де ғылыми тұрғыдан баға­ланды. Сондай-ақ кеңестік энци­клопедия «жұмған аузын ашпаған» немесе өңін өзгер­тіп көрсеткен 1920-1930 жыл­дардағы қазақ жеріндегі боль­шевиктік диктатураға, аштық, қуғын-сүргін, күштеп ұжым­дастыруға қарсы тұрған 300-ден аса көтерілістер шын­дығы мен тарихы ұлттық энциклопедия арқылы тұңғыш рет жал­­ғанның жарығына шықты. Мұндай мысалдар аз емес. 

Тұңғыш төл энциклопедия­ны жасау тұжырымдамасы сол кезде «Егемен Қазақстан» газеті арқылы көпшілікке жария еті­ліп, сөзтізбесі еліміздің ғылыми мекемелерінде, об­лыс­тарда, жоғары оқу орындарында өткен пікір алысудан соң, Бас редакция кеңесінде танымал ғалымдар­дың қатысуымен талқыланып бекі­тілді. Талқылау барысында 5000-нан аса ұсыныстар түсті. Энци­к­лопедия мақалаларын жазу­ға отандық және шетелдік білік­ті ғалымдар атсалысты. Дайын­далған мақалалардың барлығы ғылыми сараптаудан өткізілді. 10 томдықтың тек 1-томына ғана 40 мыңдай мақала, сурет, карта енгізіліп, оны академиктерден бастап мектеп оқушысына дейін пайда­лану мүмкіндігі ескерілді. Ұлттық энциклопедияны түзу барысында қазақ халқының, жалпы түркі жұртының адамзат өркениетіне қосқан өзіндік үле­сін көрсетуге баса назар ауда­рылды. Осы мақсат­пен даламыз­да сақталған материалдық ес­керт­кіштер, отандық және шет­ел­дік мұражайлар қорында тұр­ған жәдігерлер, ауыз әде­бие­ті­міздің белгілі үлгілері түгелге жуық қамтылды.

Соңғы томы 2007 жылы шыққан Ұлттық энциклопедиядан кейін «Қазақ энциклопедия­сы» баспасы әртүрлі салалық, аймақтық және тұлғалық энциклопедиялар шығарумен айналысып келеді. Бұл қатарда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, т.б. көптеген облыстарға арнал­ған энциклопедияларды, 5 том­дық «Қазақстан табиғаты», 2 томдық «Қазақстан ғылымы», 3 томдық «Балалар энциклопедияларын», т.б. атауға болады. Таяу жылдары жарық көрген «Қаныш Сәтбаев» пен «Абылай хан» тұлғалық энциклопедиялары, соңғы бірер жылда шыққан «Қазақ көтерілістері», «Жамбыл», «Қазақстан халқы» энциклопедиялық жинақтары еліміздің кітап өндірісі мен рухани мәдениетіміздегі елеулі құбылыс болды.

Ұлттық ортақ дүниетаным, діл мен тіл негізінде топтасқан халқымыздың ішкі бірлігін сақтау, бірегейлену үрдісіне, ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына жәрдемдесу жаңа энциклопедияны жасау кезінде ұстанған басты бағыттардың бірі болды. Баспа бұл бағытын әлі де жалғастырып келеді. Бұған дәлел ретінде өткен жылы шыққан «Қазақстан халқы» энциклопедиясын айтсақ та болады. Бұл кітап – осыдан 22 жыл бұрын Елбасының ұсынысымен құрылып, шаңырақ көтерген, ұлт бірлігінің рәмізі іспетті Қазақстан халқы Ассамблея­сының тарихи жолын таразы­лауға арналған.

Әдетте Ұлттық энциклопе­дияны 15-20 жыл сайын то­лық­тырып қайтадан шығарып оты­ратыны мәлім. Барлық өр­кениетті елдерде осылай етеді. Оның үстіне, ұлттық энцик­лопе­диямыздың алғашқы томы шыққаннан бері 20 жылдай уақыт өтті. Бұл аралықта бүкіл әлемде, өз елімізде де үде­ріс­ті үлкен өзгерістер мен жа­ңару­лар болды. Осыны ескергенде, Ұлттық энциклопедияны жаңар­тып, қайтадан шығаратын мез­гілдің жеткені анық.
Еліміз тәуелсіздік алған­нан кейінгі алғашқы ұлттық эн­цик­лопедия шығар кезде Елбасы­мыз: «Әлемде түбегейлі өзгеріс­тер мен жаңарулардан соң жаңа ұлттық энциклопедия құрас­тыру дәстүрі бұрыннан бар. Себебі жаңа энциклопедия тұтас ұлт­тың дүниетанымын жаңаша жүйелеп, сол елдегі ғылым мен білімнің жаңа арнамен дамуына берік іргетас қалайды» деген еді. Бүгінгідей рухани жаң­ғыру кезеңінде бұл міндеттің мән-маңызы бұрынғыдан да арта түсетіні сөзсіз.

Жанат СЕЙДУМАНОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры

АЛМАТЫ