Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2017

Солтүстік Қазақстада Тәуелсіздік күні кең көлемде атап өтілді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт сарайына жиналған жұртшылықты  облыс әкімі Құмар Ақсақалов ең ұлық мереке – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Солтүстік Қазақстада Тәуелсіздік күні кең көлемде атап өтілді

«Тұңғыш Президент-Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  саиқалы саясаты арқасында Қазақстан бүгінде  экономикалық жағынан қуатты мемлекетке айналып отыр. Бейбітшілік, тұрақтылық қашанда басты ұстанымымыз болып қала береді.  Алдымызда озық дамыған  отыз елдің қатарына жету секілді асқаралы  міндеттер  тұр», деді Құмар Іргебайұлы тұрғындарға арнап сөйлеген құттықтауында.

Салтанатты рәсім барысында  аймақ басшысы Президенттің атынан  бір топ солтүстікқазақстандыққа  мемлекеттік наградалар тапсырды . Суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде өз өмірін құрбан еткен Нұрислам Жұмабековтың жанқиярлық ерлігі «Ерен еңбегі үшін» медалімен атап өтіліп, әкесіне табыс етілді. Есту қабылеті төмен балаларды балдық биге үйретіп, халықаралық  жарыстарда топ жару мәртебесіне қол жеткізген  ансамбльдің жетекшісі Олга Ростовщикова «Шапағат» медалін кеудеге жарқырата тақты.

Эстрада жұлдыздары Жанар  Дұғалова,  италияндық  әншісі Сон Паскаль  тұрғындарға әннен шашу шашты. Осы күні  орталық алаңдарда  түрлі  мәдени-спорттық шаралар өтіп,  «Римказагро», «CitiMall»,  «Аққайың» секілді бірнеше   әлеуметтік нысандар, сауда орындары  пайдалануға берілді. 

Тәуелсіздік күні  аудандарда да көтеріңкі көңіл-күймен атап өтілді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.