Қысқы спорт • 18 Желтоқсан, 2017

Алексей Полторанин Әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Тоблах қаласында шаңғы жарысынан өткен Әлем кубогі кезеңінде шығысқазақстандық спортшы 15 шақырым қашықтықта классикалық әдіспен із кесу жарысында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Алексей Полторанин Әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

Әлемнің кіл мықты шаңғышылары бас қосқан бәсекеде барлығы 87 спортшы жүлде үшін талас жүргізді. Олардың қатарында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Алексей Полторанин де болды.

Көшбасшыдан 49 секунд қалып келе жатқан шығысқазақстандық шаңғышы жарыс жолына 14-інші болып шықты. Сайысқа дейін Алексей уақыт айырмашылығымен негізгі қарсыластарынан айтарлықтай қалып тұрды. Алайда тыңғылықты дайындығы мен тәжірибесінің арқасында мәре сызығын 3-інші  болып кесіп, үздік уақыт көрсете білді. Шығысқазақстандық спортшы норвегиялық, ресейлік шаңғышыларды алға жіберіп, 33.35.06 уақытымен Әлем кубогі кезеңінің қола жүлдесін иеленді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50