Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2017

Айша бибі кесенесінің күмбезі қайта жаңғыртылуда

2438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айша бибі кесенесінің күмбезі қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды ҚР МСМ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» ТМҚМ Бөлім басшысы  Алмас Мұхтаров.

Айша бибі кесенесінің күмбезі қайта жаңғыртылуда

Тараздың 2000 жылдық мерекесіне орай және «Мәдени мұра» Бағдарламасы аясында Айша бибі кесенесі толықтай қайта жаңғыртудан өткен болатын. Арада уақыт өтіп, мекеме жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Республикалық маңыздағы тарихы мұра Айша бибі мен Бабаджа Хатун кесенелерінің  күмбездеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда. Жаңғырту жұмыстарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазқайтажаңғырту» РМК Тараз филиалының мамандары атқаруда. Айша бибі кешені әдеттегідей қалыпты жағдайда жұмыс  жасап тұр.

Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ, бастапқыда кесененің тек батыс қабырғасы ғана сақталған.