Жалпы ағымдағы жылдың қорытындысында «Эйр Астана» 4,2 млн жолаушы тасымалдап, өткен жылғы көрсеткішті 12 пайызға асырмақ. Жолаушы тасқыны көбінесе 2017 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесі өткен күндері Астанаға келген халықаралық жолаушылар есебінен өсті.
Сондай-ақ «Эйр Астана» жолаушылар тасымалы көлемін Астанадан Лондон, Бейжің, Ыстанбұл, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Тбилиси, Ташкент, Бішкек, Бангкок және Сеул қалаларына ұшу жиілігін ұлғайту арқасында арттырды. Маусымда Астана – Дели тікелей бағыты ашылып, Астана – Киев бағыты қайта жанданды. Қосымша жиіліктер Алматыдан Санкт-Петербург және Тегеран қалаларына қосылды.
«Эйр Астана» АҚ Корпоративтік
коммуникациялар жөніндегі департаменті
Суретті түсірген
Елена СЕРГИЕНКО