Елшілердің «Байқоңырға» сапарын Қызылорда облысының әкімдігі және Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
Ғарыш айлағына сапар аясында дипломаттар «Байқоңыр» мұражайына барып, онда айлақ мұражайын, «Буран» орбиталық кемесін және С.П.Королев пен Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлерін көрді. 16 дипломатиялық миссияның басшылары сондай-ақ «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін аралады.
Сапарға Аустрия, Армения, Индонезия, Иран, Канада, Куба, Мажарстан, Марокко, Нидерланд, Румыния, Словакия, Швейцария елшілері, сондай-ақ Еуропалық одақ, ЕҚЫҰ, БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдіктерінің басшылары қатысты.
Елшілердің сапары мемлекеттің Қазақстан өңірлеріне шетелдік инвестицияларды тарту, олардың туристік әлеуетін нығайту және жағымды имиджін қалыптастыру шаралары аясында ұйымдастырылды.